​Моңғолиялық қазақ чемпион атанды

0
4 541

Атырауда бес күнге созылған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетіп, 56 келіде жұдырықтасқан моңғолиялық Нұрлан Асқар өз салмағында қарсылас шыдатпай, чемпион атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Моңғолиялық қазақ чемпион атанды

Атырауда бес күнге созылған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетіп, 56 келіде жұдырықтасқан моңғолиялық Нұрлан Асқар өз салмағында қарсылас шыдатпай, чемпион атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ktk-ға сілтеме жасап.

Дəстүрлі турнирге биыл Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты.

«Бірінші кезекте бұндай Халықаралық деңгейдегі жарыстың Атырау жерінде оныншы мәрте ұйымдастырылып жатқанын ерекше айта кеткен жөн. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының еліміздің тарихында алар орны ерекше. Батыр бабаларымыздың ерлік істері көпке үлгі. Жылма-жыл жарысымызды әділ түрде жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз. Мысалы, биыл спортшыларды марапаттау үшін Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен әйгілі ауыр атлетіміз Илья Ильин келді», - дейді Атырау облысы бокс федерациясының атқарушы директоры Дінмұхамед Шәріпбаев.

Бейресми командалық есепте Атырау облысының командасы 10 медаль жеңіп алды. Одан бөлек Иран, Моңғолия және Ресей мемлекеттері бір-бірден алтын медаль иеленді. Турнирдің үздік боксшысы болып Атыраулық Асылхан Ұзақбаев танылды.

Айта кету керек, 56 келіде жұдырықтасқан Моңғолиялық Нұрлан Асқар - этникалық қазақ.