Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

0
1 216

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров тамыз айында 69 жасында дүниеден өткен болатын.


Нұр-Сұлтандағы «Жекпе-жек» сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілді, деп жазады Prosports.kz.

«Жекпе-жек» сарайы 2019 жылы ашылған. «Жекпе-жек» сарайында балалармен қатар ересектер де жаттыға алады. Сонымен қатар бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінің барлығынан халықаралық жарыстар өткізуге де болады. Ал спорт залы 5 мың адамға арналған. Сонымен қатар 25 метрлік бассейн, фитнес-орталығы, қонақүй мен шағын футбол алаңы да бар.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров тамыз айында 69 жасында дүниеден өткен болатын.