Нұртас Әжбеновтің қарсыласын нокдаунға түсірген сәтінің видеосы жарияланды

0
977

Нұртас үшін бұл кәсіпқой алаңдағы төртінші жеңісі.


Нұртас Әжбеновтің қарсыласын нокдаунға түсірген сәтінің видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. 4 жастағы қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (3-0, 1 КО) кәсіпқой рингте төртінші айқасын өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол Уэльстің Кардифф қаласында өткен бокс кешіне қатысты. Алты раундтық жекпе-жекте оның қарсыласы 25 жастағы британдық боксшы Крис Адавей (8-50-4, 1 КО) болды. Кездесу ұпай саны бойынша Әжбеновтің айқын басымдығымен аяқталды. Есеп - 60-53. Екінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді.

Нұртас үшін бұл кәсіпқой алаңдағы төртінші жеңісі. Адавей осымен 51-рет жеңілген.