Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін

0
506

Алина Загитова 2018 жылы Пхенчхандағы Қысқы ойындардарда жеке бағдарламада алтын медаль иеленген.


Олимпиада чемпионын оқудан шығаруы мүмкін

ERNUR.KZ. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитованы жоғары оқу орнынан шығаруы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Ресейдің халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясына 2020 жылы оқуға түскен спортшы соңғы кездері сабаққа келмей кеткен. Осыған дейін пандемия жағдайында білім алу онлайн форматында өткізіліп келсе, қазір студенттерге ЖОО күн сайын келуге міндеттелген.

Загитованың дәрістерге келмеуіне байланысты оның кураторы оқуға келмей жүрген студенттерге ауызша ескерту жасаған. Олимпиада чемпионына апта соңына дейін бұл мәселені шешуге уақыт беріліп отыр. Қажетті қағаздарды әкелмеген жағдайда Загитованың оқудан шығатыны жайлы айтылды.

Еске салайық, Алина Загитова 2018 жылы Пхенчхандағы Қысқы ойындардарда жеке бағдарламада алтын медаль иеленді.