ОҚО-да соғыс ардагерін еске алу турнирі өтті

0
1 936

Алғаш рет ұймыстырылған жарысқа 2007 - 2008 жыл туылған оқушылардан жасақталған 12 команда қатысты.


ОҚО-да соғыс ардагерін еске алу турнирі өтті

ERNUR.KZ Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Молдабек Ахметбайұлын еске алуға арналған футболдан турнир өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғаш рет ұймыстырылған жарысқа 2007 - 2008 жыл туылған оқушылардан жасақталған 12 команда қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Намазбай Әбдіқұлов қатысып, алдағы уақытта осы турнирдің дәстүрлі тәрізде ұйымдастыру керек деген ұсынысты білдірді.

Ойындар тартысты өтіп, жас футболшылар жасыл алаңда барын салды. 3 - орын үшін сайыста №83 жалпы орта мектеппен №58 жалпы орта мектептің командасы кездесті. Мұнда №83 мектептің ойыншылары 2:0 есебімен басым түсті. Финалда №87 жалпы орта мектептің командасы №72 жалпы орта мектептің ойыншыларынан 3:1 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.