"Ордабасы" қатарынан екінші рет жеңіліп қалды

0
1 043

Шымкенттің "Ордабасы" командасы Талдықорған қаласында "Жетісу" клубына қарсы алаңға шықты.


ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан премьер лигасының 10 - тур матчтары өтті. Шымкенттің "Ордабасы" командасы Талдықорған қаласында "Жетісу" клубына қарсы алаңға шықты.

Матчтың алғашқы минуттарынан шабуыл ұйымдастырған алаң қожайындары 28 - минутта есепті ашты. Гол авторы Милан Байович. Сербиялық шабуылшы үзіліс алдында пенальтиден "Ордабасы" командасына екінші голды да соқты.

60 - минутта Милан Бойович хет - трик авторы атанды.

78 - минутта "Ордабасы" командасының шабуылын Джаба Джигаури сәтті аяқтап бір голдың қарымтасын қайтарды.

79 - минутта "Жетісу" футболшысы Мантас Куклис командасының 4 - голын есіміне жаздырды. Матч соңында шымкенттіктер құрамында Джаба Джигаури дубль авторы атанды. Қортынды есеп - 4:2 "Жетісу" командасының жеңісі.

Турдың өзге нәтижелері мынадай:

"Қызыл-Жар СК"- "Қайсар" - 0:0, "Шахтер" - "Ертіс" - 0:1, "Тобыл" - "Қайрат" - 1:0, "Атырау" - "Астана" - 0:2, "Ақтөбе"- "Ақжайық" - 5:3.