​Португалия ӘЧ – 2018 ге қатысатын команда құрамын жариялады

0
2 370

2 жыл алдын «кәрі құрлық» чемпионатында алтын голды соққан Эдердің құрама команданың тізіміне енбегені жанкүйерлерде таң қалдырды.


​Португалия  ӘЧ – 2018 ге қатысатын команда құрамын жариялады

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылдың 14 маусымынан бастап Ресейде футболдан әлем чемпионаты басталады. Қатысушы құрама командалар мундиалға баратын құрамын жариялауды бастады.

2016 жылы Еуропа чемпионы атанған Португалия құрамасы командасының бас бапкері Фернанду Сантуш Әлем чемпионатына баратын 23 футболшының тізімін жариялады. 2 жыл алдын «кәрі құрлық» чемпионатында алтын голды соққан Эдердің құрама команданың тізіміне енбегені жанкүйерлерде таң қалдырды.

Қақпашылар: Антони Лопеш («Лион»), Бету («Гёзтепе»), Руй Патрисиу («Спортинг»);

Қорғаушылар: Бруну Алвеш («Глазго Рейнджерс»), Седрик Соареш («Саутгемптон»), Жозе Фонте («Далянь Ифань»), Мариу Руй («Наполи»), Пепе («Бешикташ»), Рафаэль Геррейро («Боруссия» Дортмунд), Рикарду Перейра («Порту»), Рубен Диас («Бенфика»).

Жартылай қорғаушылар: Адриен Силва («Лестер»), Бруну Фернандеш («Спортинг»), Жоау Мариу («Вест Хэм»), Жоау Моутинью («Монако»), Мануэл Фернандеш («Локомотив»), Вильям Карвалью («Спортинг»);

Шабуылшылар: Андре Силва («Милан»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Криштиану Роналду («Реал»), Желсон Мартинш («Спортинг»), Гонсалу Гедеш («Валенсия»), Рикарду Куарежма («Бешикташ»).

Естеріңізге сала кетейік Португалия құрама командасы «В» тобынан Испания, Морокко және Иранмен бірге орын алған. Криштиану Роналдудың отандастары алғашқы матчын 15 маусым күні Сочи қаласында Испания құрама командасына қарсы өткізеді.