Роналду Чемпиондар лигасында 130-голын соқты

0
525

Ол турнир тарихындағы ең үздік шабуылшы және осындай жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды.


Роналду Чемпиондар лигасында 130-голын соқты

ERNUR.KZ. «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Лионмен» болған ойында қос гол соқты (2:1). Енді португалдықтың қоржынында Чемпиондар Лигасында 130 голы бар, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол турнир тарихындағы ең үздік шабуылшы және осындай жетістікке жеткен алғашқы футболшы атанды.

Екінші орында «Барселона» шабуылшысы –Лионель Месси. Аргентиналық футболшы 114 гол соққан. Ал 71 голға қол жеткізген Рауль Гонсалес Бланко үшінші орынды еншіледі.

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қайталама матчтарында «Манчестер Сити» мадридтік «Реалды» 2: 1 есебімен жеңді. Франциялық «Лион» «Ювентустан» 1: 2 есебімен сүрінді. Бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша ширек финалға шықты.