Рыбакина Берлиндегі турнирден шығып қалды

0
475

Қазақстандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің 23-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен ойнады.


Рыбакина Берлиндегі турнирден шығып қалды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымында ұтылып қалды, деп жазады vesti.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемнің 23-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен ойнады.

Матч 2 сағат 13 минутқа созылды. Елена Рыбакина қарсыласынан 7:6, 3:6, 4:6 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына шыға алмады.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің алғашқы раундында ресейлік теннисші Полина Кудерметованы ұтқан еді.