Сабина Алтынбековадан асып түсті: Әлемдегі ең сұлу волейболшы белгілі болды

1
2 950

Қазақстандық спортшы рейтингте екінші.


 Сабина Алтынбековадан асып түсті: Әлемдегі ең сұлу волейболшы белгілі болды

ERNUR.KZ. Грекиялық Gazzetta басылымы әлемдегі ең сұлу волейболшы қызды атады - ол 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок болды, деп жазады Vesti.kz.

Рейтингте Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан асып түсті, тізімде ол екінші тұр. Бірінші үштікте хорватиялық Клара Перич.

Айта кетейік, Маненок спортты модельдік бизнеспен бірге алып жүр: ол ұдайы түрлі сұлулық байқаулары мен сән көрсетілімдеріне қатысып жүр. 2018 жылы ол Сеулде өткен World Beauty Queen конкурсында жеңіп шыққан. Татарстан астанасында тұратын спортшы Қазан университетінің командасында ойнайды.

Gazzetta тұжырымы бойынша ең әдемі он волейболшы:
1. Алиса Маненок (Ресей, 25 жас)
2. Сабина Алтынбекова (Қазақстан, 23 жас)
3. Клара Перич (Хорватия, 22 жас)
4. Джейми Роббинс (АҚШ, 22 жас)
5. Зехра Гюнеш (Түркия, 21 жас)
6. Уинифер Фернандес (Доминикан, 25 жас)
7. Луиза Липпманн (Германия, 25 жас)
8. Бьянка Буша (Сербия, 26 жас)
9. Саманта Брисио (Мексика, 25 жас)
10. Мария Стенцель (Польша, 21 жас)