Садақ атудан Қазақстан құрамасы Тайландта Азия кубогіне қатысып жатыр

0
976

15 наурыз күні Пхукет қаласында садақ атудан Азия кубогі басталды.


Садақ атудан Қазақстан құрамасы Тайландта Азия кубогіне қатысып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстандық садақшылар Тайландта Азия кубогіне қатысып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Бүгін, 15 наурыз күні Пхукет қаласында садақ атудан Азия кубогі басталды. Аталған жарысқа Қазақстан сапынан барлығы алты спортшы қатысып жатыр.

Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Диана Тұрсынбек, Фарида Түкебаева және Алина Ильясова құрлықтық додада ел намысын қорғауда.

Айта кетерлігі, садақ атудан Азия кубогі 18 наруызға дейін жалғасады.