Семсерлесудан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

0
1 168

Финалда еліміздің спортшылары Жапония командасынан ұтылды.


Семсерлесудан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Финалда еліміздің спортшылары Жапония командасынан ұтылды. Қорытынды есеп – 36:35

Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше еліміздің спортшылары командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын емсерлесуші Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келді.