Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

0
663

Қазақстан құрамасы топтағы үш ойында да жеңіске жетті.


Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

ERNUR.KZ. Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Рас-әл-Хаймде (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады. "А" тобындағы соңғы ойында отандастарымыз БАӘ құрамасын 2:1 есебімен ұтты, деп жазады vesti.kz.

Қазақстан құрамасы топтағы үш ойында да жеңіске жетті. Бірінші ойында Гана құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Топтағы екінші ойында Үндістан футболшыларынан 16:0 есебімен басым болды. Нәтижесінде 9 ұпаймен көш бастап шықты. Екінші орынды 6 ұпай жинаған БАӘ құрамасы еншіледі.