Шайбалы хоккейден Қазақстан командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

0
612

Ұлттық құрама еншісінде 2420 ұпай бар.


Шайбалы хоккейден Қазақстан командасы әлемдік рейтингте жоғарылады

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2020 жылғы әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл сайын түзілетін рейтингте әлем чемпионттары мен Олимпиада ойындарының (Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің) нәтижелері есепке алынады. Сондай-ақ, бұл рейтинг 2022 жылғы Олимпиада ойындарының жеребесін анықтауға көмектеседі.

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы рейтингте Қазақстан командасы үш сатыға жоғарылап, 16-шы орынға тұрақтады. Ұлттық құрама еншісінде 2420 ұпай бар. Өкінішке қарай, біздің команда 2022 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылған болатын. Ерлер арасындағы рейтингте Канада көш бастап тұр. Екінші орында Ресей, үшінші орында Финляндия құрамалары орналасқан. Ал Қазақстан әйелдер командасы екі сатыға төмендеп, 21-ші орынға сырғыды.

Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Осыған орай, рейтингте айтарлықтай өзгеріс жасалған жоқ.