Шайбалы хоккейден Швейцариядағы әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін

0
601

Осыған дейін IIHF алты әлем чемпионатын кейінге қалдырған еді.


Шайбалы хоккейден Швейцариядағы әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін

ERNUR.KZ. Мамыр айында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтуі тиіс шайбалы хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты коронавирус қаупіне байланысты өтпей қалуы мүмкін. Бұл туралы IIHF вице-президенті Калерво Куммола мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

Швейцария билігі коронавирус қаупінен сақтану үшін елдегі бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салды. Ал ел чемпионаты көрермендердің қатысуынсыз өтуде. IIHF вице-президенті Куммоланың айтуынша, Швейцариядағы тыйым күшінде қалса, чемпионатты кейінге шегеріледі.

"Біз бұған қарсы ештеңе істей алмаймыз. Әрине, әлем чемпионатын кейінге қалдыру жақсы нәрсе емес. Бірақ біз спортшылардың денсаулығын қатерге тіге алмаймыз. Денсаулық керек. Біз қауіптің беті қайтады деп үміттенеміз. Ал чемпионатты басқа елге ауыстыру мәселесі мүлде қаралмайды. Себебі, біз оған дайын емеспіз. Барлығы да 17 наурызда шешіледі", - дейді Калерво Куммола.

Осыған дейін IIHF алты әлем чемпионатын кейінге қалдырған еді.