Шүменовтің рингке қашан оралатыны анықталды

0
955

Отандасымыз WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.


Шүменовтің рингке қашан оралатыны анықталды

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақтарда әлемнің бұрынғы чемпионы Бейбіт Шүменов рингке 7 шілдеде Астанадағы бокс кешінде оралады. Бұл туралы prosports.kz хабарлайды.

Отандасымыз WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады. Бірақ қазақстандық боксшының кіммен жұдырықтасатыны белгісіз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бокс кешінде Айдос Ербосынұлы, Миржан Раxымжанов, Бобиржан Моминов, Садриддин Аxметов, Нұрзат Сабыров, Айдын Елжанов, Әалиxан Бисенқұлов сынды боксшылар жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ, Батыр Жүкембаев, Абылайхан Хұсайынов пен Ибрагим Ескендір де осы кеште жұдырықтасуы мүмкін.

Бір қызығы, Шүменов жекпе-жегінің андеркартында Катардың корольдік отбасының өкілі шейх Фахад бин Халид Аль Тани де (7-0, 7 КО) кездесу өткізеді.