"​Ұшты, ұшты, "Барселона" ұшты"

0
1 499

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 2 жартылай финалшысы анықталды. Өз алаңында Италияның "Рома" командасын 4:1 есебімен жеңген "Барселона" сырт алаңда сапасыз ойын көрсетті


фото: ашық дереккөзден

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 2 жартылай финалшысы анықталды. Өз алаңында Италияның "Рома" командасын 4:1 есебімен жеңген "Барселона" сырт алаңда сапасыз ойын көрсетті. 6 - минутта Эдин Жеко "Барса" қақпасына бірінші голды соқты. Екінші таймда Де Росси пенальтиден есепті 2:0 ге жеткізді. Осы орайда айта кетсек, Де Росси алғашқы матчта өз қақпасына гол соғып "Барселона"ның жеңісіне үлес қосқан болатын. 82 - минутта Моноластың голы "Рома"ны жартылай финалға алып шықты.

Осылайша "Олимпико" стадионында сенсация орын алды. жанкүйерлер мен мамандар "Барса"ның жартылай финалда деп ойлаған. Бірақ, алаң текіс доп дұмалақ деген мақал өзін ақтады.

Екінші матчта "Манчестер Сити" өз алаңында "Ливерпуль"ге 1:2 есебімен жеңіліп турнирден шығып қалды.