Швед спортшысы 10 күннің ішінде UFC ұйымында екінші кездесуін өткізеді

0
719

25 шілде күні өтетін UFC турнирінің басты кездесуінде Даррен Тилл мен Роберт Уиттакер кездеседі.


Швед спортшысы 10 күннің ішінде UFC ұйымында екінші кездесуін өткізеді

ERNUR.KZ. Шешенстан тумасы, бірақ Швеция намысын қорғайтын Хамзат Чимаев 25 шілде күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" UFC турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Оның қарсыласы Риз Макки болады. Чимаевтің бұл турнирде өнер көрсететіні туралы ақпаратты алдымен шолушы Ариэль Хельвани твиттер парақшасында жазған еді. Кейін UFC Fight Island турнирінен кейінгі баспасөз жиынында ұйымның президенті Дана Уайт ақпаратты растады.

Осылайша, Чимаев 10 күннің ішінде өзінің екінші кездесуін өткізейін деп тұр. Ол 16 шілде күні Джон Филлипспен кездесіп, нокаутпен жеңген болатын. Бұл кездесудегі жекпе-жегі үшін ол ұйымның атынан қосымша 50 мың доллар сыйақы алды.

26 жастағы Чимаев осы уақытқа дейін аралас жекпе-жекте жеті кездесуі өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

25 шілде күні өтетін UFC турнирінің басты кездесуінде Даррен Тилл мен Роберт Уиттакер кездеседі.