ШЫМКЕНТ: УЕФА чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңі жалғасып жатыр

0
2 585

«Биік-Қазығұрт» пен «Бавария» футбол командасы сайысқа түсуде.


ШЫМКЕНТ:  УЕФА чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңі жалғасып жатыр

Үшінші мегаполисте футболдан әйелдер командалары арасында УЕФА чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ойын алаңында «Биік-Қазығұрт» футбол командасы мен Германияның Мюнхен қаласының «Бавария» футбол командасы сайысқа түсуде.
Шымкенттік клуб 2011 жылдан бері аяқ доп шеберлері кәсіби командалары арасындағы ҚР чемпионат жеңімпазы боп келеді. Алдыңғы жылдары УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында 4:2 көрсеткішпен Италияның «Верона» клубынан басым түсіп, ел тарихында тұңғыш рет мәртебелі жарыстың 1/8 финалында өнер көрсетті.
Айта кету керек, УЕФА-ның мемлекеттік клубтық рейтингісінде Қазақстан 9-орында көрінсе, жеке клубтық рейтингісінде «Биік-Қазығұрт» әйелдер клубы 13-орында тұр.