Шымкенттік спортшы Азия чемпионы атанды

0
294

Бір алтын, бір қола медаль еншіледі.


Шымкенттік спортшы Азия чемпионы атанды

Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында өтіп жатқан XIX Азия чемпионатында каратэден тағы бір шымкенттік спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Бір алтын, бір қола медаль еншіледі.

Алпысбай Қайсар 60 келі салмақ дәрежесін бағындырса, Юлдашев Данияр 84 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын.
Сондай-ақ, биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.