Шымкенттік спортшы Токиода өтетін Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

0
419

Роман Агалаков командалық эстафетада 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.


Шымкенттік спортшы Токиода өтетін Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

Шымкенттік спортшы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Германияның Берлин қаласында 16-20 маусым аралығында пара жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңі өткен болатын.
Қазақстан құрамасының сапында Шымкент қаласының екі спортшысы бақ сынады. Халықаралық дәрежелегі спорт шеберлері Роман Агалаков және Алина Дубинина жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Роман Агалаков командалық эстафетада 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды. Осы нәтижесінің арқасында Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына лицензияға ие болды.
Сондай-ақ, Алина Дубинина командалық эстафетада 2 алтын медалға қол жеткізді.
XVI жазғы паралимпиадалық ойындар 2021 жылы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетінін еске саламыз.