Шымкенттік спортшылар армрестлингтен жоғары нәтиже көрсетті

0
2 548

Аталмыш дода жас талантты спортшылардың танылуына жол ашты.


Шымкенттік спортшылар армрестлингтен жоғары нәтиже көрсетті

Шымкенттік спортшылар армрестлингтен өткен ел чемпионатында 6 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақтөбе қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан жиналған сайыста Шымкент құрама командасының спортшылары жоғарғы нәтиже көрсетті.

Атап айтсақ, 60 кг салмақта Нұргелді Бақдәулет, 65 кг салмақта Қадыр Нұрдәулет, 75 кг салмақта Айдархан Нұрдәулет жеңімпаз атанды. Ал 75 кг салмақта Әбсаттар Дәурен күміс жүлдегер атанса, 65 кг салмақта Анықбай Беймен мен 110 кг салмақта Мұхамбетов Рысдәулет қола медальді иеленді.

Айта кетейік, бұл чемпионат күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылған. Шараны ұйымдастырушылар аталмыш дода жас талантты спортшылардың танылуына жол ашқанын атап өтті.