Шымкенттік спортшылар тағы бір Олимпиада лицензиясына ие болды

0
645

Шымкент қаласы спортшыларының қоржынында 11 Олимпиада жолдамасы бар.


Шымкенттік спортшылар тағы бір Олимпиада лицензиясына ие болды

Шымкент қаласының спортшылары тағы бір Олимпиада лицензиясына ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

22 маусымда Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес, Токио олимпадасына жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады.
Оған сәйкес, Шымкент қаласының спортшысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіде лицензияға иелік етті. Спортшы олимпиадалық рейтингте тиісті ұпай жинаған.
Отгонцэцэг Галбадрах – әлемдегі үздік дзюдошылардың бірі. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әлем чемпионатының және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Сонымен, Шымкент қаласы спортшыларының қоржынында 11 Олимпиада жолдамасы бар.