Спортшыларымыз марапатталды

0
1 585

Спортшылар мен бапкерлерін Облыс дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев құтықтап, қажылай сыйлық табыстады.


Спортшыларымыз марапатталды
ERNUR.KZ 2018 жылдың мамыр айында жекпе - жек спорт түрлерінен бірнеше халықаралық турнирлер өтті. Атап айтсақ, көрші Өзбекстанда грек - рим күресінен жастар арасында Азия чемпионаты, Монғолияда самбодан Азия чемпионаты және каратэ-додан Жапонияда құрлық чемпионаты өтті. Онда облыстық жекпе - жектер олимпиада мен ризервтер дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары ел намысын қорғап, жүлдемен оралды деп хабарлайды - ERNUR.KZ тілшісі.
Грек - рим күресінен 65 келі салмақта Абдуазим Қарабаев алтын медалмен оралды. Ал самбодан 90 келі салмақта Марат Байкамуров бірінші орынды иеленді. Каратэ-до спортынан Димаш Укматов финалда есе жіберіп, елге күміс медалімен оралды. Еркін күресшіміз Асылжан Есенгелді 48 келі салмақта өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді. Спортшылар мен бапкерлерін Облыс дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев құтықтап, қажылай сыйлық табыстады. Сонымен қатар Әлібек Нұртаев биыл Азия ойындары мен жастар арасындағы Олимпиада ойындары мен 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойынына осы спортшылардың қатысу мүмкіндігі жоғары екенін білдіріп, сәттілік тіледі.