Таеквондо: Екі спортшымыз лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты

0
923

Самиохон лицензияны Филиппин өкілі Курт Брианмен Олимпиада жолдамасын сарапқа салады.


Таеквондо: Екі спортшымыз лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық екі таеквондошы Самирхон Абабакиров пен (58 кг) Жансель Дениз (+67 кг) Тайань қаласындағы лицензиялық турнирдің жартылай финалына шықты, деп жазады kaz.inform.kz.



ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол санаулы сəттер бұрын Таиланд атлеті Танакрит Йодракты ойсырата ұтты. Жекпе-жек барысында 2 раунд бойы Ұлттық құрама спортшысы қарсыласын соққының астына алды.

Енді Самиохон лицензияны Филиппин өкілі Курт Брианмен Олимпиада жолдамасын сарапқа салады.

Сонымен қатар ұлттық құрма үздігі Жансель Денизде (+67 кг) жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда моңғолиялық таеквондошыны жарыс жолынан тайдырды.

Енді ол Тәжікстан спортшысы Мунира Абдусалимовамен Олимпиада лицензиясы үшін сынға түседі.

Осылайша отандастарымыз Олимпиада жолдамасына бір қадам жақындады. Жарыс ережесіне сәйкес, финалға шыққан қос спортшы Олимпиада жолдамасына иелік етеді.

Бүгін аталған турнирде үш спортшымыз жарыс жолына шыққан болатын. Өкінішке қарай, Мария Севостьянова (57 кг) алғашқы жекпе-жегінде камбоджалық спортшы Джулия Мамнан ұтылып қалды. Есеп: 0-2.

Естеріңізге сала кетейік, кеше лицензиялық турнирдің алғашқы жарыс күні қазақстандық 17 жасар спортшымыз Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алғанын жазған болатынбыз.