Тағы екі қазақ боксшысы Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

0
480

Шымбергенов ширек финалда әзірбайжандық Сархан Әлиевті жеңді.


Тағы екі қазақ боксшысы Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақ боксшылары Махмұд Сабырхан мен Асланбек Шымбергенов Парижде өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды, деп жазады Zakon.kz.



57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырхан лицензиялық турнирдің 1/4 финалында тәжікстандық Асрор Вохидовпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Шымбергенов ширек финалда әзірбайжандық Сархан Әлиевті жеңді. Есеп 5:0.

Бұған дейін қазақ боксшылары Айбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.