"Тарихта алғаш рет": Каратэден Қазақстан командасы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

0
557

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем біріншілігінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.


ERNUR.KZ. Кеше ел қоржынына үшінші медаль түсті, деп жазады vesti.kz.

Командалық сында қазақстандықтар қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алған еді. Бүгін үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты.

Игорь Чихмарев қарсыласымен тең түсіп, Бейбарыс Жаңбырбай 1:2 есебімен ұтылды. Ал Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов және Нұрнияз Елдашев қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионатында алғаш рет командалық жарыстан жүлде алды.

Еске сала кетейік, жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанған болатын.