Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік ондықтың қатарына енді

0
1 341


Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік ондықтың қатарына енді

ERNUR.KZ. Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік ондықтың қатарына енді, деп жазады Kazinform.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне сүйенсек, қазақстандық жасөспірімдер командалық әлем чемпионатына алғаш рет қатысқанына қарамастан барынша табысты өнер көрсеткен. Алдымен мықты құрамалар жиналған В тобында қазақстандықтар үшінші орынға ие болды. Бұл топтағы бәсекелестіктің жоғары болғанын Италияның финалға шыққанынан аңғаруға болады. Италиялықтар финалдық кездесуде Чехиямен алтын жүлдені сарапқа салады.

Бастапқы кездесуінде қазақстандықтар 2012 жылғы әлем чемпионы Италияға 1:2 есебімен есе жіберді. Содан кейін оңтүстіккореялықтардан 2:1 есебімен басым түсті. Шешуші ойында Davis Cup Juniors жарысының алты дүркін жеңімазы Испанияға жол берді. Қорытынды есеп – 1:2.