The Ring Головкиннің жекпе-жегін "жыл оқиғасы" атағына ұсынды

0
511

Тізімге төрт жекпе-жек енген, екеуі қазақстандық чемпион Геннадий Головкинге қатысты болып отыр.


The Ring Головкиннің жекпе-жегін

ERNUR.KZ. The Ring атты беделді бокс журналы 2022 жылдың қорытындысы бойынша "Жылдың үздік оқиғасы" атағына үміткерлерді атады, деп жазады Vesti.kz.

Тізімге төрт жекпе-жек енген, екеуі қазақстандық чемпион Геннадий Головкинге қатысты болып отыр.

Басылым GGG-дің жапондық Риото Муратамен және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегін жоғары бағалаған. Біріншісі сәуірде өтіп, тоғызыншы раундта қазақстандықтың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. Ал трилогияда төрешілер шешімімен Головкин жеңілді.