ТОКИО-2020: Алексей Луценко жекелей сында ТОП-30 қатарына ене алмады

0
597

Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді.


ТОКИО-2020: Алексей Луценко жекелей сында ТОП-30 қатарына ене алмады

ERNUR.KZ. Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды, деп жазады olympic.kz.

Қазақстандық Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті.

Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.

Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.