​«Тур де Франс» веложарысы: Қазақстандық шабандоз жеңісін Денис Тенге арнады

0
1 118

Қазақстандық клуб мүшелері он төртінші және он бесінші кезеңдерде алдына жан салмай, мәрені бірінші болып кесті.


​«Тур де Франс» веложарысы: Қазақстандық шабандоз жеңісін Денис Тенге арнады

ERNUR.KZ.Қазір Франция төрінде әлемдегі ең айтулы веложарыс өтіп жатыр, деп жазады 24.kz.

Қазақстандық клуб мүшелері он төртінші және он бесінші кезеңдерде алдына жан салмай, мәрені бірінші болып кесті. Алдымен Омар Фраиле 188 шақырымды сәтті бағындырып, өз жеңісін Денис Тенге арнайтынын мәлімдеген болатын. Одан кейінгі кезеңде даниялық легионер Магнус Кордтың жолы болды. Ол 181 шақырымнан тұратын таулы-қырлы аумақта өзіне тең келер ешкім жоқ екенін дәлелдеді.

Алда жарыстың әлі 6 кезеңі бар. Яғни биылғы байрақты бәсеке 29 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, биылғы жарысқа әлемнің ең үздік деген 176 шабандозы қатысып жатыр. Олар 21 күннің ішінде 3300 шақырымды жүріп өтулері керек.