«Тұран» ФК бас бапкері қызметінен кетті

0
593

Владимир Газзаевтың қол астында «Тұран» үш матчтан соң 1 ұпай жинап, жарыс кестесінде 13-орынға жайғасты.


«Тұран» ФК бас бапкері қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының төртінші турынан кейін «Тұран» ФК бас бапкері Владимир Газзаев клубтан кетті, деп жазады 24.kz.

Маман отбасылық жағдайға байланысты клубпен келісімшартты қос тараптың келісімімен бұзды. Бас бапкердің міндетін жаттықтырушы Қуаныш Қабдолов атқарады.

«Тұран» футбол клубының ұжымы Владимир Валерьевичке атқарған жұмысы үшін алғысын айтып, жаттықтырушы қызметінде тек сәттілік, отбасына аман-саулық тілейді», – делінген клубтың әлеуметтік парақшасында.

Владимир Газзаевтың қол астында «Тұран» үш матчтан соң 1 ұпай жинап, жарыс кестесінде 13-орынға жайғасты.