Тұраров титулдан айырыла ма? Бокс федерациясы жауабын берді

0
568

Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) IBO белбеуін жеңіп алған еді.


Тұраров титулдан айырыла ма? Бокс федерациясы жауабын берді

ERNUR.KZ. Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Болат Манкенов Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясының лицензиядан айырылуына қатысты мән-жайды айтты, деп жазады vesti.kz.

Осы бокс кешінде Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) IBO белбеуін жеңіп алған еді.

Еске салайық, компанияның негізін Әлімжан Қалдияров қалаған болатын. Ол промоутер ғана емес, сонымен қоса, Жаңқоштың менеджері екенін де айта кетейік.

"Федерация боксшыларға қарсы ешқашан санкция қолданған емес. Біз жігіттеріміздің жетістіктерін үнемі қолдап жүреміз. Жанқош Тұраров қарсыласын лайықты жеңіп, титулға ие болды. Оның жекпе-жегі есепке алынады. Титулды алмаймыз. Санкция ереже сақтамаған промоутерлік компанияларға ғана қарсы қолданылады", - дейді Манкенов.