УЕФА Еуро-2024 матчін кейінге шегерді

0
735

Командалар 15 қазан Приштинеде ойнау керек еді.


УЕФА Еуро-2024 матчін кейінге шегерді

ERNUR.KZ. УЕФА 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу цикліндегі Косово мен Израиль арасындағы матч кейінге шегерілгенін ескертті, деп жазады Vesti.kz.

Командалар 15 қазан Приштинеде ойнау керек еді. Енді кездесудің жаңа уақыты кейін хабарланады.

Матчтің кейінге шегерілуі Израиль үкіметінің ұлттық құраманың шетелге шығуына тыйым салуымен байланысты болды.

Мұның алдында УЕФА Израиль құрамасының бірнеше матчін Палестинамен қақтығыстың шиеленісуіне байланысты шегерген болатын.

Алты ойыннан кейін I тобында Швейцария (14 ұпай) көш бастап тұр. Одан кейін Румыния (12), Израиль (11), Беларусь (4), Косово (4), Андорра (2).