UFC комментаторы Хабиб Нурмагомедовті айыптады

0
1 454

Ол спортшыны алаяқтық жасады дейді.


UFC комментаторы Хабиб Нурмагомедовті айыптады

ERNUR.KZ. UFC комментаторы Джо Роган Хабиб Нурмагомедовті алаяқтық жасады деп айыптады, - деп жазады Тengrinews.kz.

"Бұл өте аяусыз. Ол іс жүзінде жеңіл емес. Бұл алаяқтықтың рұқсат етілген түрі және біз оны қалыпты деп қабылдаймыз. 70 келіге дейін салмақ тастайсың, ал салмақ жинағаннан кейін спагетти жеп, қайтадан 90 келіге дейін салмақ қосасың. Бұл сандырақ", - деп Роганның сөздерін келтіреді Eurosport басылымы.

Айта кетейік, кейбіреулер Джастин Гэтжимен жекпе-жек алдында Хабиб салмақ өлшегенде қате кетті деп айтқан болатын, яғни олар Нурмагомедов алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Америкалықты жеңген Хабиб жекпе-жектен соң MMA-дағы карьерасын аяқтағанын мәлімдегенін еске салайық.