UFC жоспарланған екі турнирін өткізбейтін болды

0
546

Шоу 20 және 27 маусым Канададағы Саскатун мен АҚШ-тың Остин қалаларына жоспарланған болатын.


UFC жоспарланған екі турнирін өткізбейтін болды

ERNUR.KZ. UFC ұйымы Fight Night сериясындағы екі турнирді өткізе алмайтынын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

Шоу 20 және 27 маусым Канададағы Саскатун мен АҚШ-тың Остин қалаларына жоспарланған болатын, алайда, оған тағы да коронавирус пандемиясы бөгет болып отыр.

Турнирлер адам көптеп жиналатын шаралар мен сапарға қойылған шектеулер салдарынан шегерілді. Мұның алдында UFC президенті Дана Уайт келесі турнир 30 мамыр Лас-Вегаста өтетінін мәлімдеген.

Еске салайық, UFC екі аптада үш турнир өткізіп үлгерді: 9 мамырда UFC 249, он төртінде UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Бұл жарыстың барлығы Джексонвилл қаласында болды.

30 мамырдағы турнирдің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жұдырықтасады деп жоспарланған.