WBA Головкинді 29 жеңісі бар белгілі кубалықпен айқасқа міндеттеді

0
546

WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт беріп отыр.


WBA Головкинді 29 жеңісі бар белгілі кубалықпен айқасқа міндеттеді

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкинді титулын кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы айқаста қорғауға міндеттеді. Бұл туралы қауымдастық сайтында хабарланған, деп жазады vesti.kz.

WBA боксшыларға 23 ақпанға дейін келісімге келуге 15 күн уақыт беріп отыр. Егер боксшылардың командалары осы уақытқа дейін ымыраға келмесе, жекпе-жекке промоутерлік сауда белгіленеді.

Мұның алдында Головкин IBF белбеуін бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекте қорғауға міндеттелген еді, алайда қазақстандық боксшы белбеуден бас тартты. Осыған байланысты WBA Ларамен айқас белгілеп отыр.