Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс медалін иеленді

0
1 017

Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын.


Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс медалін иеленді

ERNUR.KZ. Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдесін жеңіп алды, деп жазады 24.kz.

Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзербайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды.

Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын. Айта кетелік, бұл – Заринаның алғашқы Паралимпиадасы.