Жанқош титулды айқаста сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

0
487

Кездесу он раундқа есептелген болатын, алайда жетінші раундта Жанқош қарсыласын екі рет құлатып, одан кейін ауыр нокаутқа түсірді.


Жанқош титулды айқаста сес көрсеткен қарсыласын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақ боксшы Жанқош Тұраров IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алды, деп жазады vesti.kz.

Бос болған титул венесуэлалық Энрике Луиспен жекпе-жекте сарапқа салынды.

Жекпе-жек Алматыда өткен бокс кешінің басты айқасы болды. Кездесу он раундқа есептелген болатын, алайда жетінші раундта Жанқош қарсыласын екі рет құлатып, одан кейін ауыр нокаутқа түсірді.