Жанкүйерінің қылығы Криштианудың ызасына тиді (видео)

0
657

​"Ювентус" жанкүйері ойын алаңына жүгіріп шығып, ойыншымен селфи жасағысы келген. Алайда жоспары іске аспай қалды.


Жанкүйерінің қылығы Криштианудың ызасына тиді (видео)

ERNUR.KZ. Футбол жұлдызы Криштиану Роналду өзінің жанкүйеріне ашуланды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға Чемпиондар лигасының матчында болған. "Ювентус" "Байермен" кездескен болатын.

Ойын уақытында жанкүйер алаңға жүгіріп шығып, Роналдуды мойнынан алды. Ол өзінің кумирімен селфи жасамақ болған. Алайда жоспары іске аспады.