Жастар арасында әлем чемпионаты өтпейтін болды

0
1 760

Турнирлер Перуде және Индонезияда өтуі керек еді.


Жастар арасында әлем чемпионаты өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылы U-17 және U-20 әлем чемпионаты өтпейді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирлер Перуде (U-17) және Индонезияда (U-20) өтуі керек еді. Бірақ федерацияның шешімі бойынша бұл елдер 2023 жылы аталған әлем чемпионаттарын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі U-20 әлем чемпионы – Украина ұлттық құрамасы. Ал 17 жасқа дейінгі әлем чемпионы – Бразилия құрамасы. Бұған дейін 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған Англия лигасы кубогының финалдық матчы пандемияға байланысты 25 сәуірге ауыстырылған болатын.