Желкенді спорттан Ел кубогы мәресіне жетті

0
1 648

Облыс яхташылары жалпы командалық есепте 3 - орыннан көрінді. Ал, Қапшағай спортшылары екінші, Алматы қаласы турнирде жеңімпаз атанды.


Желкенді спорттан Ел кубогы мәресіне жетті

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 23 - 30 наурызы аралығында Шымкентте алғаш рет желкенді спорттан Қазақстан кубогы өтті. Бір жеті жалғасқан жарысқа қазақстандық спортшылар мен бірге Өзбекстаннан да, жалпы 70 ге жуық яхташылар қатысты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

. Сайыстар "Бадам" су қоймасында өтіп ОҚО спортшылары 2 күміс, 3 қола медалін жеңіп алды. Байдарка және ескек есу федерациясының президенті Денис Жәрменов қаламызда желкенді спорт түрінен алғаш рет өткен жарыстың жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті. Ол облыс құрамасының жас спортшылардан құралғанын білдіріп, жалпы командалық сында 3 - орынды иеленіп бапкерлердің сенімін ақтағанын білдірді.

Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталып, спортшыларды марапаттау салтанаты өтті. Облыс яхташылары жалпы командалық есепте 3 - орыннан көрінді. Ал, Қапшағай спортшылары екінші, Алматы қаласы турнирде жеңімпаз атанды. Жұп сында да жеңімпаздар белгілі болды. Шымкенттік спортшылар Вадим Иванов пен Владимир Сенькин екінші орыннан көрінді. "Бадам" су қоймасындағы келесі жарыс мамыр айында ескек есу спортынан өтеді. Қатысушылар Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын болады.