​«Жиро д’Италия». 19- айналымның жеңімпазы Кристофер Фрум.

0
922

Спортшылар Венария - Реал мен Бардонеккья аралығында 184 шақырым қашықтықты басып өтті.


​«Жиро д’Италия». 19- айналымның жеңімпазы Кристофер Фрум.

ERNUR.KZ 25 мамыр күні көпкүндік веложарыстың 19 - айналымы мәрісені жетті. Спортшылар Венария - Реал мен Бардонеккья аралығында 184 шақырым қашықтықты басып өтті.

Таулы аймақта өткен жарыста британиялық велошабандоз Кристофер Фрум мәре сызығын 5 сағат 12 минут 26 секундта басып өтіп жеңімпаз атанды. Осылайша ол жалпы командалық есепте де бірінші орынға көтеріліп алды. Sky командасының спортшысы Фрумның жалпы нәтижесі - 80 сағат, 21 минут, 59 секунд. 19 - кезеңде эквадорлық Ричард Карапас екінші, ал франциялық Тибо Пино мәре сызығына 3 - болып жетіп келді. "Астана" командасының велошабандоздары колумбиялық Мигель Анхель Лопес 4 - орын, испаниялық Пейо Бильбао 10 - орында жарысты аяқтады.

19 - айналымнан кейінгі нәтижелер мынадай:

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – 80.21,59

2. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb) – 0,40

3. Тибо Пино (Франция, FDJ) – 4,17

4. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 4,57

5. Ричард Карапас (Эквадор, Movistar) – 5,44

6. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrain Merida) – 8,03

7. Пейо Бильбао (Испания, «Астана») – 11,08

8. Патрик Конрад (Дания, Bora-Hansgrohe) – 12,19

9. Джордж Беннетт (Жаңа Зеландия, LottoNL-Jumbo) – 12,35

10. Сэм Оомен (Голландия, Sunweb) – 14,18