7 түрлі ПАЙДАСЫ БАР май кез келген КЕЛІНШЕКТІ СҰЛУ етеді

0
1 148

Тері нәрестенікіндей бола бастайды...


7 түрлі ПАЙДАСЫ БАР май кез келген КЕЛІНШЕКТІ СҰЛУ етеді

Зәйтүн майы басқа майларға қарағанда ең пайдалысы деп есептеледі. Оның көмегімен асқазан мен ішек жолдарының түрлі кеселдерін емдеуге болады.


Зәйтүн майы денсаулықтың ғана емес, сұлулықтың да кепілі. Ол тері үшін көптеген жақсы нәтижелердің көрсетушісі. Терідегі әжімді кетіріп, теріні нәрлендіріп, сонымен қатар, таза, балғын теріге қол жеткізуіңізге мүмкіндік береді.


1. Ылғалдандырады

Зәйтүн майы теріні ылғалдандырып қана қоймай, жаңартады, өлі терілерден арылтады. Терінің зақымданған тұстарын емдеуге атсалысады. Сол себепті мамандардың тұжырымы бойынша өте құрғақ, жарылуға бейім тері мен күнге күйіп, дақ немесе қарайып кеткен теріге де зәйтүн майын пайдалануды ұсынады.


2. Макияждан тазартуға таптырмас көмекші

Әдемі болғысы келмейтін қыз-келіншектер жоқтың қасы. Ал, макияждан тазарту үшін арнайы сұйықтыққа аллергияңыз бар болса, онда ешқандай қарсы көрсетілімсіз зәйтүн майын тазартушы құрал ретінде пайдалануыңызға болады. Ол үшін мақтаны зәйтүн майына батырып алған соң, боялған көздің үстіне бірнеше минут бойы қалдырып қойыңыз. Содан соң, уқалау әдісі бойынша, көздегі бояуларды сүртіп тастасаңыз, тез-ақ тазартасыз.



3. Шашты емдейді

Зәйтүн майы әлсіз, сынғыш, төгіліп түсе беретін шаштар үшін таптырмас емдеуші құрал бола алады. Сынғыш шашты емдеу үшін зәйтүн майын аздап жылытып алған соң, шаштың түбінен бастап, ұшына дейін жағып шығыңыз. Соңынан целлофон қалташасымен орап, сыртынан сүлгі немесе орамал байлап алыңыз. Бір сағаттан соң, шашыңызды әдеттегідей шампуньмен жуып тастаңыз.


4. Теріні қорғайды

Зерттеулерге сәйкес, зәйтүн майының құрамындағы полифенол теріні ультракүлгін сәулесі мен ерте әжім түсуден сақтайды. Сондай-ақ, ол сіздің теріңізді басқа да зиянды әсерлерден сақтауы мүмкін. Үй тірлігін атқару барысында ыдыс-аяқ және ас үй құралдарын тазартатын түрлі арнайы сұйықтықтарды пайдаланардан алдын қолыңызға зәйтүн майын жақсаңыз, қолдың құрғауы, химиялық қоспасы бар сұйықтықтың әсерінен теріге зиян тиіп, ашу, қышу секілді жағымсыз сезімдердің туындауының алдын аласыз.


5. Ерін үшін күтім

Күз бен қыс маусымында әсіресе, ерінге ерекше күтім қажет. Өйткені, суық ауа-райында ерін ашық жүретіндіктен, тез құрғауға бейім келеді. Ерінді бастапқы қалпына келтіру үшін, нәзік теріні жаңарту үшін бірдей мөлшердегі зәйтүн майы мен балауызды араластырыңыз. Осы қоспаны күні бойы бірнеше рет ерніңізге жағып жүріңіз.


6. Целлюлитпен күрес

Бірдей мөлшердегі зәйтүн майы мен кофе ұнтағын біркелкі болғанша жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды проблемалы аймаққа массаж жасай отырып, 5 минуттай уқалай отырып жағып шығыңыз. Уқалау тәсіліңіз жеңіл, денеге ауыртпалығын түсірмеуі тиіс.

Соңыра душ қабылдаңыз.



7. Қол мен тырнаққа да пайдасы көп

Қол терісі ұдайы нәрлендіруші кремге мұқтаж. Мұндай кремдер қолжетімді болғанымен, кейде уақытылы сатып алуға да мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан, кремнің орнын зәйтүн майымен алмастыруға да болады. Бірақ, мұндай тәсілді қолдану үшін тек қана жатар орынға ғана пайдалану кеңес етіледі. Егер тырнақтарыңызға күтім жасағыңыз келсе, мақталы дискіні зәйтүн майына батырып алып, кейін осы мақтамен тырнақтың айналасын мұқият сүртіп, жағып қойыңыз.

Міндетті түрде соңынан жуып тастау шарт емес.

(иллюстрациялық суреттер ашық дереккөзден алынды)

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз:


Әйелдің МОЙЫНЫ бетінен бұрын ҚАРТАЯДЫ


Күзде СҰЛУЛЫҚТЫ сақтамаса, ҚЫСТА мүлде қиын болады



Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет