​АЗИЯЛЫҚ МАКИЯЖды 20 МИНУТТА жасауға болады

0
3 634

Бұл бағыт «Asian viral makeup» деп аталады


​АЗИЯЛЫҚ МАКИЯЖды 20 МИНУТТА жасауға болады

фото: Pinterest

Азиялық бейнеге косметиканың көмегімен өзгерістер енгізуді қазір косметология саласының бір бағыты ретінде қарастырып жүрміз. Бұл бағыт «Asian viral makeup» деп аталады.

Әлемге әйгілі сұлулық мамандарының түрлі кеңестерін ғаламтордан іздеп табуыңызға да болады. Соның ішінде мұны үйде қалай жасауға болатындығын көрсететін кеңестер де бар.


№ 1 қадам: «Жаңа мұрынды» мүсіндеңіз

Бұл оңай шаруа емес, әдетте азиялық мұрын доғалдау келеді. Дегенмен макияждан кейінгі көрініс өте керемет әсер береді.

Оны жасау үшін гуммокс қажет. Косметикалық Kryolan Soft Putty компаниясының гуммоксы сізге көмекке келеді.


№ 2 қадам: Бетіңізді ағартыңыз және жақ сүйектеріңізді айқындаңыз

Макияж негізі ретінде Peripera Blur Pang Milk Blur құралын пайдалансаңыз теріге жағымды әсер етеді.

Теріні мүмкіндігінше ағартатын Peripera Inklasting Pink Cushion кушонының ең жеңіл тенін қолдансаңыз жақсы. Айқын контраст байқалмауы үшін мойынды да ұмытпаңыз.

Содан кейін ең жеңіл «жасырғыш» іске кіріседі (ол кез-келген бренд болуы мүмкін). Оны жақ сүйектерінің астына жағу керек, сонда жақ сүйектерінің кез-келген ұшы жоғалады. Сондай-ақ, бұл құралды иекке, көздің астына, маңдай мен мұрынға да қолдана аласыз. Контур жасауды да ұмытпау керек. Бетіңіздің жиегімен Maybelline New York Master Contour қарындашының қара бөлігімен сызып өтіңіз.


№ 3 қадам: Бет пішінін «өзгертіңіз»

Теріні ағарту мәселесі шешілгеннен кейін, сіз Dodo Label патчтарын қолданғаныңыз жөн, бұл бетке V-пішінін береді. Немесе басқа да брендтердің патчтары жарайды.


№ 4 қадам: Түзу қастарды сызыңыз

Азиялық бет-бейненің ең маңызды бөліктерінің бірі ол- тікелей қасы, сондықтан қасқа ерекше мән беру керек. Ол үшін сізге Dior Sourcils Poudre Powder Eyebrow қарындашы қажет. Ал NYX Professional MakeUp Gotcha Covered Concealer Pencil қарындаш-жасырғыш құралының көмегімен қастың жаңа пішінін түзетіп, алдыңғы қарындашты қарайтқаннан кейін қалған артық мөлшерін алып тастауға болады.


№ 5 қадам: Бет контурын қайтадан жасаңыз

Әрі қарай, Nyx Professional Makeup 3 қадамының Sculpt Face арнайы палеткасының көмегімен жасауға болатын құрғақ контурлау. Маңдай сыртқы көзге көрінгенде кішірек және төмен болуы керек, сондықтан шаш сызығымен айқындап аламыз.

Енді бетіңізге қызғылтым шырай беру үшін Saem Saemmul Smile Bebe Blusher коспаниясының жұмсақ қызғылт түсті румянасын қолданатын уақыт келді.

Беттің «алмасынан» самайға қарай сызық жүргізіп өтіңіз. Теріде тональды және мүсіндік өнімдер көп болуы керек. Себебі әсерлі көріністі тек осылай ғана жасай аламыз және бұл өте маңызды!


№ 6 қадам: Линзаларды киіп, қабақтарыңызды түзетіңіз

Алдымен үлкейту әсері бар линзаларды киіңіз. Көзіңіздің табиғи түсінен ұзап кетудің қажеті жоқ, тек қана линзаның көзді үлкейтіп көрсететін әсері ғана бізге керектісі.

Мысалы «RayRay Grey» өнімін таңдасаңыз қателеспейсіз.


№ 7 қадам: көз макияжын жасаңыз

Көз макияжының өзі өте күрделі емес. Ол үшін Kat Von D Shade+Light Eye Contour Palette палеткасын қолдансаңыз, жұмысыңыз жеңілдей түспек. Көздің қиықтарына, яғни сыртқы бұрыштарына ылғалдандырғыш әсерімен күңгірт реңктері бар бояуды, ал жоғарғы жағына ашық түстерді үйлестіре біліңіз. Сол жиынтықтағы қара түспен сәл төмен қарай құйрығымен кішкентай жебені сызыңыз. Көзіңізді одан да үлкен ету үшін, кірпіктеріңізді M. A. C Cosmetics Haute & Naughty сүрмесімен бояңыз және сол маркалы кірпіктерді жабыстырыңыз.


№ 8 қадам: ерніңізді бояңыз

Мұнда бәрі өте қарапайым- жәй ғана өзіңізге ұнайтын түсті, өзіңізге ұнайтын далапты қолдансаңыз болғаны. Азиялық макияж дайын!

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАҢА ЖЫЛдан бастап ЕҢ СҰЛУ болуға арналған ЖОСПАР


ГЕЛЬді лактан ТЫРНАҚ «демалуы» керек пе?