​Бетіңіз САЛБЫРАП, терең әжім көбейді ме? Ең оңай МАСКАмен бұлардан арылыңыз

0
2 644

Бұл масканың жасалуы өте оңай және үйіңізден табылады


​Бетіңіз САЛБЫРАП, терең әжім көбейді ме? Ең оңай МАСКАмен бұлардан арылыңыз

фото: eda-land.ru

Қазіргі таңда өз бойына күтіммен қарайтын, әдемілікке жаны құштар және барынша жас қалпын сақтағысы келетін қыз-келіншектер көп.

Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты арнайы маманның көмегіне жүгінуге мүмкіндігі бола бермейтін жандар үшін үй жағдайында күтім жасау тиімдірек.
Сондықтан бүгін керемет нәтижеге қол жеткізетін маска түрін жасап көруді ұсынамын.
Бұл маска екі ғана құрамнан тұрғанымен, өте нәтижелі маскалардың қатарында.
Масканың қаншалықты нәтижелі екенін тек жасап көріп білуге болады. Сол үшін масканы жасап, нәтижеге қол жеткізіңіздер.


Жасалу жолы өте қарапайым:

Масканың құрамы тек 2 түрлі заттан ғана тұрады.

1) Орташа көлемді картоп

2) Ашытқының кез-келген түрінен 1 ас қасық

Картопты қабығынан аршып, тазалап жуып алған соң, оны үккіштен өткізіп аламыз. Шикі картоптың үккіштен өткізілген бөлігін алақанға салып қыссаңыз суы шығады. Бізге керегі осы, шикі картоптың сөлі. Сосын 1 ас қасық ашытқыға картоп суын аз-аздан қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Маска қоймалжың, крем тәрізді қалыпқа келуі керек.

Осы дайын болған масканы алдын ала тазартылған бет терісіне жағып, 15-20 минуттай ұстап, содан соң жылы сумен жуып тастаймыз.

Соңынан крем жағып қойыңыз. Өйткені маскадан соң бетіңіз тартылып тұрады, ал мұндай кезде кез келген мимикалық қимыл-қозғалыс бетіңіздің жай-күйіне әсер етеді.

Бетте маска тұрған кезде де сөйлеуге, күлуге болмайды.

Егер бетіңіздің терісі тым құрғақ болса, дәл осы маскаға 0,5 шай қасық зәйтүн майын қосуыңызға болады.

фото: 101hairtips.com

Аптасына тек 1 рет қана жасаңыз, одан жиірек жасауға болмайды. Картоп сөлінен дайындалатын бұл масканың тек қана салбыраған бет терісін тартуға ғана емес, бет терісін ағартуға да пайдасы тиеді. Тек ол үшін ашытқының орнына ұн қоссаңыз болғаны.

Бетіңізді «тарту» үшін фейсфитнеспен қосымша айналысып жүрсеңіз, бұл маска оған ешқандай кедергі келтірмейді.

Нәтижелі жаттығуларыңызға масканың қосар үлесі көп болғандықтан, жан-жақты әрекет «жеңіске» барар жолды жақындата түспек.

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Күйген шашты үй жағдайында қалай күту керек?


ДЕЗОДОРАНТ немесе АНТИПЕРСПИРАНТ - қайсысы тиімді?