Мұндай шаш икемге "көнбейді".
фото: Pinterest
Әйелдің көркі-шаш. Шашты сәндеу де заман талабы. Қыз-келіншектер шашты күтумен қатар, сәнді көріну үшін түрлі зиянды тәсілдерді қолданады. Мысалы, шашты арнайы күйдіреді, ыстық құралдармен кептіру, бұйралау секілді әдістерді де жиі қолданады.
Соның әсерінен шаш әлсіреп, сынғыш болады, сирей бастайды, өңінен айырылады.
Айта берсек, күйген шаштың зардабы да көп. Шындығында, зақымдалған шашты бастапқы күйіне келтіру мүмкін емес, өйткені бұл өлген құрылым, оған келтірілген залалды сауықтыра алмайды. Бірақ соған қарамастан, олардың сыртқы түрін едәуір жақсартуға болады. Ол үшін үй жағдайында жасалынатын бірнеше тәсілді меңгеріп алсаңыз және күтім жасауды қолға алсаңыз, сіздің шашыңыз анағұрлым жақсырақ көрінеді.
Күйген шашты сарысы жұмыртқасымен қалай қалпына келтіруге болады Жұмыртқаның сарысы- бұл қымбат емес және барлығына бірдей қолжетімді әрі тиімді процедура деуге болады. Жұмыртқаның сарысын зақымдалған шашқа жағу арқылы шашыңыз жылтырап, жібектей жұмсақ бола түседі.
Әсерді жылдамдату үшін жұмыртқаның сарысына басқа да ас үй өнімдерін қосу арқылы маска жасауыңызға болады.
Лимонмен. Жарты лимонның сөлін 2 дана жұмыртқаның сарысына қосып араластырыңыз. Осы қоймалжыңды шашқа жағыңыз да 10 минут бойы ұстаңыз. Соңынан түймедақтың қайнатпасымен жуыңыз. Бұлай жасау шашқа жылтырлық береді және зақымданған шаштың жағдайын жақсартады.
Майонезбен. 1 ас қасық майонез бен 1 ас қасық балды 1 дана жұмыртқаның сарысына салып араластырыңыз. Сонымен қатар, осы қоспаға 2 тіс туралған сарымсақты қоссаңыз да болады. Алынған қоспаны бас терісіне жағыңыз. Басыңызды полиэтиленмен орап, оның сыртынан сүлгі жабыңыз. Тек қана қиындау тұсы, түні бойы ұстау керексіз. Таңертең шашыңызды жуып, соңынан қалақай тұнбасымен шайсаңыз бұл маска шаштың көрінісін жақсартады және қайызғақты кетіреді.
Пиязбен. 2 ас қасық пияз сөліне 1 дана жұмыртқаның сарысын араластырыңыз. Үстінен 1 шай қасық бал қосып (қою болса, су ваннасында ерітіп алыңыз) шаштың зақымданған бөлігіне жағыңыз. Бір сағатқа қалдырыңыз. Пияздың иісін кетіру үшін сусабынмен жуыңыз.
Коньякпен. 2 дана жұмыртқаның сарысына коньяк пен суды теңдей мөлшерде араластырып қосыңыз. Әрқайсысы 4 ас қасықтан. Осы қоспаны шашыңызға жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.
Йогуртпен. 2 дана жұмыртқаның сарысына 100 мл йогуртты қосып араластырыңыз. 1 ас қасық апельсин немесе лимон қабығын қоссаңыз шашыңыз жұпар аңқып тұрады. Осы қоспаны шашыңызға жағып, жарты сағат өткеннен соң жылы сумен шайыңыз.
Алоэмен. 1 ас қасық алоэ шырынын 1 дана жұмыртқаның сарысына қосыңыз, үстінен 1 ас қасық ерітілген бал қосып жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны шаш түбінен бастап, ұзындығын бойлай жағып шығыңыз. Басыңызды сүлгімен орап, жарты сағат ұстаңыз. Соңынан жуып тастаңыз.
Сырамен. 1 бананды, жарты стакан сыраны, 1 ас қасық сұйық балды және 1 дана жұмыртқаның сарысын қосып араластырыңыз. Осы қоспаны шашқа жағып, 30 минутқа қалдырыңыз. Әдеттегідей шашқа жағып, шайыңыз.
Нәтижеге жету үшін 3 ай ішінде аптасына 2 рет маска жасаңыз.
Күйген шашты мумиямен қалай емдеуге болады
Mумия маскалары шашты нығайтады, сұлулығын қалпына келтіреді және өсуді ынталандырады. Мына рецепттерді қолданып көріңіз:
фото: forbeauty.ru
Сүтпен. Мумияның 1 таблеткасын 3 ас қасық жылы сүтке ерітіңіз және бірдей мөлшерде (3 ас қасық) түйіршік майымен (гранулированное масло) араластырыңыз. Қоспаны шаш түбінен бастап ұшына дейін түгел жағыңыз да, сыртынан сүлгімен ораңыз.
Жарты сағат тұруы керек. Соңынан түймедақ қайнатпасының тұнбасымен шайыңыз. Мүкжидекпен. 2 г мумияны 5 ас қасық суға салып, 100 гр мүкжидек қосып ерітіңіз. 1 ас қасық балды ерітіп араластырыңыз. Қоспаны шаштың бүкіл ұзындығына жағыңыз және жарты сағат ұстаңыз.
Балмен. 100 мл жылы суға мумияның 8 таблеткасын ерітіп, 2 шай қасық сұйытылған бал қосыңыз. Шашыңызға жағып, 30 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін шайыңыз. Қалған қоспаны кейінірек қолдану үшін тоңазытқышта сақтауға болады.
Күйген шашты эфир майларынан қалай емдеу керек
Эфир майларының белсенді компоненттері шашқа жан-жақты әсер етеді, шаш түптерін нығайтуға, оларды нәрлендіруге, өсуді ынталандыруға көмектеседі және жылтыр береді.
Бадам майымен. Екі бас пияз бен жарты лимонның сөлін сығып алыңыз, осы сұйықтыққа 2 дана жұмыртқаның сарысы мен бадам майынқосыңыз.
Шабдалы және лимон майларымен. Лимонның эфир майын (2 тамшы) және шабдалы майын (2 ас қасық) жұмыртқаның сарысы мен глицеринді (1,5 шай қасық) барлығын қосып араластырыңыз. Шашыңызға жағып, 20 минутқа қалдырыңыз.
Розмарин майымен. 1 ас қасық балды су моншасында ерітіңіз. Оған 3 тамшы розмарин хош иісті майы мен балқарағай эфирін қосыңыз. Шашқа жағып, жарты сағат ұстаңыз. Басыңызды жылы орап, сусабынсыз, жәй ғана жылы сумен шайып тастаңыз.
Бұлардың қайсысы өзіңізге тиімді, кез-келгенін жасай берсеңіз болады. Зақымданған шашқа дер кезінде күтім қажет. Күтім көрмеген шаш түбінде қанша күтім жасасаңыз да нәтижеге жеткізбеуі мүмкін. Сондықтан, қазірден бастаңыз, күйген шашты қалпына келтіріңіз.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: