Денеден шығатын ТЕРДІҢ ИІСІН кетіруге арналған 6 әдіс

0
15 365

Жаздың аптап ыстығында қолтықтан шыққан жағымсыз иісті ас содасы кетіре алады.


Денеден шығатын ТЕРДІҢ ИІСІН кетіруге арналған 6 әдіс

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Кез-келген адам ағзасынан тердің шығуы қалыпты жағдай. Косметолог-дәрігерлер тердің шықпағаны өте қауіпті екенін жеткізеді. Қалыптан асқан қимыл-қозғалыс пен күн температурасының едәуір ыстық болуының салдарынан адам денесінен еріксіз тер шығары сөзсіз. Әсіресе, нәзік терінің орындары бірден білінеді. Мәселен, мойын тұсы мен қолтық. Сондай-ақ, маңдайды да сол тізімге қосуға болады.

Тердің шығуы адам ағзасындағы зат алмасу қызмете байланысты. Кейбір жандар аз терлейді, ал, енді біреулер киімінің жарты бөлігі суға малынып, жан-жағына жағымсыз иісті шығарып жүреді.

Бұл тершеңдіктен қалай арылуға болады? Дәрігерлер арнайы нұсқауы бойынша ем қабылдау дұрыс деп санайды. Ал, қарапайым үй жағдайында тершеңдіктен арылудың бірнеше жолдары бар екенін айтып өтсек, жылдың ыстық мезгілінде іске асар деген ойдамыз.


СОДА

Бұл тершеңдіктен арылудың ең қарапайым әдісі. Қарапайым ас содасын таза суға араластырып, қолтық тұсына жақсылап жағып шығамыз. Бар болғаны 25 минуттан кейін салқын сумен шайып тастайсыз. Бұл әдіс күнделікті жасауға арналмаған. Себебі, соданың құрамында тері қабықшасына зақым келтіретін химиялық қоспа бар.


Түймедеқ сығындысы


Түймедақ шөптесін өсімдіктің дәріханада сатылатын арнайы қорапшасын алыңыз. Ол сіздің қолтық тұсыңыздың жиі терлемеуіне көмектеседі. Сондай-ақ, жағымды иіс келтіріп тұратын да қасиетке ие. Ол үшін дәріханадан алынған шөптің 3 ас қасығын 150 гр қайнап тұрған суға салып, бетін бүркеп қоясыз. 1 сағат өткеннен кейін дайын болған сусынды қолтығыңызға жағып қойыңыз. Сонымен бірге, түймедақты ванна қабылдап тұру да өте пайдалы.


Хош иісті эфир майлары


Суға шомылу барысында, ваннаға 3-4 тамшы кез-келген хош иісті эфир майын тамызып, ұзақ уақытқа дейін жатасыз. Бұл сіздің бүкіл денеңізден жағымды иістің шығып тұруына көмектеседі.


Лимон тілігі


Жоғарыдағы аталған кеңестерді жасап отыруға мүмкіндігіңіз бен уақытыңыз тапшы болса, лимон көмекке келеді. Бір тілік лимон кесіндісін көбіне терлейтін жеріңізге жақсылап ысқылаңыз. Оны жуып-шаюдың қажеті жоқ. Есесіне, терлеудің алдын алады.


Дезодарант пен антиперспирант


Бұл аталған дайын косметикалық өнімнің түрі өте көп және әрқайсысы әртүрлі әсер етеді. Дезодарант ары кетсе 1-2 сағатқа ғана сізге қорған бола алады. Ал, антиперспирант бір тәулікке дейін құрғақтық сыйлауға қауқары жетеді. Тек, сапалысына кезіксеңіз ғана.

Ресейлік дәрігер-дерматовенеролог Ольга Ибракова жоғарыда аталған сеппе құралдары туралы бірнеше кеңес берген екен. Антиперсперантты күніне бір рет қана қолдануға мүмкіндік бар. Ал, дезодарант сағат сайын себуге болады. Есесіне, күн аяқтала салысымен, сабынмен жуып тастауды кеңес етеді.


Дәрігерлік процедуралар


Ал, бір дегеннен нәтижесін байқағысы келетіндер косметикалық процедуралар жасатуға тура келеді. Ботокс, Ксеомин, Ионофорз, Лазер, Липосакция секілді процедуралар бар. Бұлардың ең ұзақтығы 8 айға дейін тер шығармей, жағымсыз иісті жасырып тұрады. Есесіне, бағасы да сәйкесінше қымбат.

Тер мен жағымсыз иістен арылғыңыз елсе күнделікті ванна қабылдап, аталған кеңестерді бір-бірлеп жасауға болады. Ал, киімде қалып қойған дақты мүсәтір (нашатырь) спирті немесес су асқын тотығы мен соданың қосындысы кетіреді.

Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жазда бетті МИНЕРАЛДЫ СУМЕН тазартқан дұрыс


ЫСТЫҚ КҮНДЕ макияжыңыз "АҒЫП" кетпеуі үшін не істеу керек?