​ДЕЗОДОРАНТ немесе АНТИПЕРСПИРАНТ - қайсысы тиімді?

0
3 088

Қолтықтың терлеуіне қарсы не қолданып жүрсіз?


​ДЕЗОДОРАНТ немесе АНТИПЕРСПИРАНТ - қайсысы тиімді?

Кейбір косметика адамдардың өміріне мықтап енгендігі соншалықты, оларды пайдаланудан бас тарту мүмкін емес сияқты көрінеді. Мысалы айтатын болсақ, дәл қазіргі мезгілде онсыз далаға шықпаймыз. Осындай косметикалық құралдардың бірі- дезодорант.

Ауа райының ыстық болуына байланысты және белсенді дене қозғалысының арқасында дене, оның ішінде қолтық айтарлықтай терлейді. Ал, мұндай жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін біз мейлінше көшеге шығар алдында міндетті түрде антиперспирантты қолданамыз. Әйелдер де, ер адамдар да.

Алайда, оның адам денсаулығына тигізер пайдасымен қоса, зиянын да ескере жүргеніміз абзал. Қай нәрсенің де шектен тыс қолдану мөлшерінен асыру дұрыс емес. Оның үстіне, біз қолданып жүрген антиперспирант немесе дезодоранттың құрамына аса мән бермейтініміз де жасырын емес.

Ол химиялық заттардан тұрады және құрамында табиғи ингредиенттер жоқ болғандықтан, оны қолдану адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін деп болжауға болады.

Шынында да, дезодоранттарда көптеген түрлі элементтер бар, олардың әрқайсысы адам ағзасына теріс әсер етеді. Біріншіден, бұл тер бездерінің жұмысын тежеуге жауап беретін алюминий тұздары. Нәтижесінде тер бездері терморегуляция мүмкіндігін жоғалтады, яғни олар енді денені тазарта алмайды. Сонымен қатар, бұл элемент терімен ұзақ уақыт әрекеттескенде, ол арқылы қанға еніп, біртіндеп жиналып, сүт безінің қатерлі ісігін тудыруы да мүмкін. Сонымен қатар, алюминий тұздары жүйке жүйесінің ауруларын, тіпті «Альцгеймер» ауруын тудыруы мүмкін.

Дезодоранттардың құрамында парабендер, яғни зиянды бактерияларды жоятын заттар бар. Сонымен қатар, антиперспиранттардың құрамына тердің жағымсыз иісін, бактерияларды жою үшін триклозан сияқты зат қосылады. Бірақ осы бактериялармен бірге триклозан терінің иммунитетін қалыптастыруға, барлық инфекциялармен күресуге жауап беретін микроорганизмдерді жояды, яғни дене бетінің қорғаныш қабығын жояды.

Сондықтан бұл косметикалық құралды тым жиі қолданудан сақ болғаныңыз жөн.

Егер қолтығыңыз тым қатты терлейтін болса, жұмсақ матадан тігілген арнайы лайнерлер бар. соны қолдануыңызға болады. Бұл бір қарағанда емізулі әйелдердің сүтті сіңіретін жастықшасын еске түсіреді.

Ол терді жақсы сіңіріп, қолайсыздықтан арылтады. Дегенмен, антиперспиранттың да қажетінше көмегін пайдаланбасқа болмайды. Сондықтан, терден қорғайтын ең жақсы антиперспирантты дұрыс таңдаңыз.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)


БҮРІККІШ антиперспирант (спрей)

Антиперспиранттың бұл түрі өте танымал. Мұндай форматты бірнеше адам қолдана алады. Өйткені, гигиеналық тұрғыда қауіпсіз, денемен ешқандай байланыста болмайды. Нашар миклофлорамен ластану қаупі жоқ. Антиперспирант емес, дезодорантты таңдасаңыз, тек қана қолтық аймағына ғана емес, хошиісті әтір (туалетная вода) есебінде дененің кез-келген бөлігіне себе аласыз. Тиімсіздігі-тез таусылады.


Қатты антиперспирант

Қатты дезодорант немесе антиперспирант - қаптамадан бұралып шығатын таяқша. Қолдану оңай, таяқшаның ені теріні бір қолдануда өңдеуге мүмкіндік береді, өнім тез құрғайды, тиімді әрекет етеді және үнемді жұмсалады. Тер мен иістен қорғайтын негізгі белсенді ингредиенттерден басқа, таяқшаларға тері күтімі компоненттері қосылады.


Шарлы антиперспирант

Немесе роликті, дезодорант-антиперспирант эмульсия болып табылады: мөлдір немесе сүт түсті. Мұндай шағын антиперспиранттарды өзіңізбен алып жүру өте ыңғайлы.


Кремдң-гельді антиперспирант

Терге қарсы крем-гель қатты таяқша мен орамдағы эмульсия арасындағы нәрсе. Кремді кішкене тесік арқылы сығып, теріге қосымша жаққышпен немесе түтіктің негізімен жағады. Ол кең және дөңгелек және ролик форматындағы допқа ұқсайды. Крем сезімтал тері иелеріне, сондай-ақ депиляциядан кейін қолдану үшін өте қолайлы. Оның құрамында әдетте қабынуға қарсы және тері күтімі компоненттері бар. Сонымен қатар, гель мен крем тығызырақ қабатта қолданылады, егер сіз оларды жақсы құрғатсаңыз, әсер сізді қуантады.


Ұнтақ түріндегі антиперспирант

Терге қарсы ұнтақ. Бұл пішіндегі антиперспиранттар нарықта аса танымал емес. Дегенмен, оларды пайдалану соншалықты ыңғайлы болмаса да, бұл кептіруді қажет етпейтін және міндетті түрде жабысқақ сезім қалдырмайтын жалғыз құрал.

Тіпті, жас нәрестелерге қолданатын ұнтақтан (присыпка) аса айырмасы жоқ.


Ерлер мен әйелдерге арналған өнімдерде айырмашылық бар ма?

Иә, иісі басқаша. Ерлерге арналған антиперспиранттар мен дезодоранттар да иіссіз. Көбінесе ерлерге арналған өнімдерде алюминий тұздарының жоғары концентрациясы бар. Басқа ешқандай айырмашылық жоқ.

Тіпті қатты терлейтін әйелдер ерлерге арналған антиперспирантты қолданса, терлеу бәсеңдейді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


2022-2023 Жазғы-күзгі аяқ киім трендтері


Күнге күйген теріге АЛОЭ сөлі көмектеседі