​Күнге күйген теріге АЛОЭ сөлі көмектеседі

0
3 110

Шомылу маусымы кезінде бұл міндетті түрде керек


​Күнге күйген теріге АЛОЭ сөлі көмектеседі

фото: novate.ru

Жаздың аптап ыстығын бассейнсіз, су жағалауынсыз елестету қиын шығар. Әсіресе, жазғы каникулға шыққан балалардың жаз демалысындағы қызықтары осылар.

Суға түсіп, алаңсыз шомылып, күнге қыздырыну әрине ағзаға үлкен серпіліс беріп, шаршауды басады.

Дегенмен, әр нәрсенің мөлшері мен шегі болатындай, суға түсу мен күнге қыздырынудың да шегін білген дұрыс. Әйтпесе, тері күнге күйсе, оны теріге зардабы қиын болмақ.

Ең алдымен күнге күйетін терініңашық аймақтары. Ең бірінші күн сәулесіне шағылатын адамның бет терісі. Бет терісін ыстық күннен қорғау керек. Әсіресе ашық күн астына шығарда күннен қорғайтын бұйымдарыңызды, бас киім мен көзәйнекті міндетті түрде ұмытпаңыз.

Күннен қорғайтын құрамында SPF әсері бар кремдерді қолданыңыз. Осылайша сіз теріңізді күннен қорғай аласыз. Күн сәулесінің ағзаға пайдасы бар, ол адамға Д дәруменін береді. Алайда, Д дәруменін аламыз деп сағаттап күннің астында жүруге болмайды.

фото: rodinkam.net

Соған қарамастан, кейде мұндай жағдайлар да болып тұрады. Суға шомылу кезінде балалар жағы терісінің күйгенін де аңғармай қалады. Ал мұның зардабы көп. Адам туылған сәттен бастап бет терісінде түрлі процесс жүреді. Ал ыстық күннен әсіресе бет терісі зардап шегеді. Тіпті қара дақтар пайда болып, бет терісі тез қартаяды. Сондықтан, мұндай келеңсіздіктерді болдырмаудың жолдарын да меңгеріп алғаныңыз артық болмас. Жаз мезгілінде терінің жағдайын ойласаңыз, күйген теріні қалпына келтірудің бірнеше қарапайым тәсілдерін де біле жүріңіз.

Егер теріңіздің күнге күйгенін байқасаңыз, ең басты 3 ережені есте ұстаңыз.


Бұларды жасауға БОЛМАЙДЫ!

Күйген теріні сабынмен жууға мүлдем БОЛМАЙДЫ

Кез-келген құрамында спирті бар косметикалық заттарды қолдануға БОЛМАЙДЫ

Күйген теріге май немесе майлы кремдерді жағуға БОЛМАЙДЫ

Бұлай жасасаңыз, теріні одан сайын тітіркендіріп, жарақаттап алуыңыз мүмкін. Бұлардың орнына ең пайдалысы алоэ сөлі. Арнайы дәріханалардан сатып алсаңыз да немесе үйде өсіп тұрған алоэ гүлі болса, соның бір жапырағын кесіп алып, ортасынан тіліп, теріңіздің күйген жеріне жабыстырып қойыңыз немесе абайлап сүртіңіз.

Егер бетіңізге күн сәулесінен түскен дақ болса, дақтың ұлғаюын болдырмау үшін айранға немесе минералды суға лимонның бірнеше тамшысын қосып, теріні сүртіңіз.

Картоп шырыны да күйген теріге жақсы көмектеседі. Ол үшін картоптың қабығынан тазалап, жуып, үккіштен өткізесіз. Дәкеге салып, сөлін сығып аласыз да бетіңізді сүртесіз. Немесе осы картоп сөліне азырақ ұн қосып, қоймалжың жасап, маска жасауға да болады.

Қиярды үккіштен өткізіп немесе жұқалап бөліп, күйген жерге жағыңыз. Оны теріге 15-20 минут ұстасаңыз күйген жеріңіз басылады.

Күйген теріні мейлінше салқын сумен жуыңыз.

Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


МОЙЫН әйелдің жасын "САТЫП" қояды


Жағымсыз 10 ӘДЕТ әйелді ТЕЗ ҚАРТАЙТАДЫ